Қор нарығында теңге арзандап, доллар нығайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қымбаттады. 

валюта
Коллаж: Kazinform / Freepik

Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 4,19 теңгеге өсіп, 461,55 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы — 457,21 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

— доллар 457,57 теңгеден сатып алынады, 464,04 теңгеден сатылады;
— еуро: сатып алу — 535,07 теңге, сату — 544,79 теңге;
— рубль: сатып алу — 5,86 теңге, сату — 6,15 теңге.
— юань: сатып алу — 67,27 теңге, сату — 73,10 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 461,16 теңгеден сатып алынады, 463,52 теңгеден сатылады. Еуро 540,25 — 545,76 теңге, ал рубль 5,99 — 6,12 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 67,39 теңгеден сатып алынады, 70,25 теңгеден сатылады.

Еске салайық, 28 сәуір күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 2,95 теңгеге түсіп, 457,21 теңге болды.

Соңғы жаңалықтар