Қор нарығында теңге нығайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді.

Қор нарығында теңге нығайды
Фото: Kazinform/ Pixabay

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,3 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 513,68 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 515 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 513 теңге. Еуро 583 — 587 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 517 теңге, сатып алу құны — 511 теңге. Еуро 580 теңгеден сатып алынып, 587 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,04 - 6,22 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 28 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 515,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,24 теңге. Еуро — 584,82.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын. 

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар