Қор нарығында теңге нығайды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы төмендеді. 

теңге
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 1,18 теңгеге арзандады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 512,32 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 513 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 511 теңге. Еуро 583 — 587 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 516 теңге, сатып алу құны — 510 теңге. Еуро 578 теңгеден сатып алынып, 585 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 6,10 - 6,27 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 29 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 513,68 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 6,24 теңге. Еуро — 583,03.

Бұған дейін Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлеме кез келген уақытта өзгеруі мүмкін екенін айтқан болатын

Қазақстандық экономистер теңгенің нығаюына мүмкіндік бар екенін айтты

Соңғы жаңалықтар