16:19, 24 Ақпан 2023 | GMT +5
Қор нарығында доллар 1,26 теңгеге арзандады
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге қатысты бағамы төмендеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Күндізгі сауда-саттық мәліметіне қарағанда, доллар валютасы 1,26 теңгеге арзандап, 1 доллар 447, 73 теңге болды.
Айта кетейік, Ұлттық банктің 24 ақпанға белгілеген ресми бағамы – 449, 22 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 448,5 теңгеден сатыолуда, сатып алу құны – 452 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 447,3 теңгеден болса, сатып алу – 450,3 теңге.
Алматыда Ресей рублі 5,75 – 6 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Астанада көрші ел валютасы 5,85 - 5,92 теңгеден сатылуда.