Қор нарығында доллар бағамы 476 теңгеге жуықтады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар 2,29 теңгеге қымбаттады.

Бір АҚШ долларының орташа бағамы – 475,91 теңге.

Ұлттық банктің 13 шілдедегі ресми бағамы – 1 долларға 473,38 теңге.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 474,00 теңге, сатып алу – 478,00 теңге.

Ал, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 472 теңгеден болса, сатып алу құны – 475,50 теңге.

Бұған дейін Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамына әсер ететін негізгі факторларды атаған болатын.


Соңғы жаңалықтар