Ұлттық банк теңге бағамына әсер ететін факторды түсіндірді
Ұлттық банк өкілінің сөзінше, маусымның қорытындысы бойынша теңге бағамы бір доллар үшін 470,24 теңгеге дейін немесе 13,3 пайызға әлсіреді. Нарықтағы мұндай өзгерістерге сыртқы факторлармен қатар ішкі факторлар да себепші болды.
«Бірінші кезекте, АҚШ доллары позициясының күшейгенін атап өткен жөн. Ішкі факторлар арасында – дивидендтер төлеу кезеңінде заңды тұлғалар тарапынан валютаға сұраныстың артуы және экспорттаушылардың салықты төлеуге сатудың қысқаруына байланысты валюта ұсынысының төмендеуі. Квазимемлекеттік сектор компанияларының шамамен 480,4 миллион АҚШ долларын құраған валюталық түсімін сатуы және Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферттерді қамтамасыз ету үшін валютаны сату ұсыныс жағынан валюта нарығына қолдау көрсетті», - деді Әлия Молдабекова.
Сонымен қатар, ол маусым айында Ұлттық банк ішкі валюта нарығында валюталық интервенциялар жүргізбегенін жеткізді. Нарық сентименті мен құбылмалы болуы нарық жағдайына сәйкес келген.
«Айырбастау бағамының өзгермелі режимінде теңге үшін құбылмалылықтың болуы қалыпты жағдай екенін атап өткім келеді», - деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.
Маманның айтуынша, тіркелген бағам саясаты қысқа мерзімді тұрақтылық елесін қалыптастырады. Оны ұзақ уақыт бойы жасанды жолмен ұстап тұру алтынвалюта резервтерін жұмсау есебінен ғана мүмкін.
«Нәтижесінде бұл ұлттық валюта бағамын девальвациялау қажеттілігіне алып келеді. Өз кезегінде, теңгенің еркін өзгермелі бағамы сыртқы ортаның өзгерістеріне бірден ден қоюға мүмкіндік береді. Бұл экономикадағы теңгерімсіздіктердің жинақталуын болдырмайды, сондай-ақ елдің алтынвалюта резервтерінің сақталуына ықпал етеді. Сондықтан Ұлттық Банк тіркелген бағамға көшу мәселесін қарастырмайды»,- деді ол.