Қор нарығында доллар бірден 5,81 теңгеге қымбаттады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша, 1 доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.KASE қор нарығындағы кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 5,81теңгеге қымбаттады.
None

Бір АҚШ долларының орташа бағамы 455, 29 теңге.
Ұлттық банктің 16 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 449,17 теңге.
Ресей рублінің орташа сараланған құны - 4,58 теңге.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллар 459,9 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 461,5 теңге.
Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы – 458,5 теңге, сатып алу құны– 462,5 теңге.
Ресей рублі 4,75 – 4,85 теңге аралығында саудаланып жатыр.


Соңғы жаңалықтар