Қораздың ерекше үлкендігі әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желідегі денесі ерекше үлкен қораздың видеосын көрушілер саны күрт көбейіп барады.

 Қораздың ерекше үлкендігі  әлеуметтік желі қолданушыларын таң қалдырды

Кейбір қолданушылар өз көргендеріне сенбей, түрлі болжамдар да жазуда. Бірі видеодағы қораздың костюмін киіп алған адам, ал екіншілері ролик монтаждалған деген болжам жасауда.

Дегенмен мұның жұмбағы тез ашылды. Видеоға түсірілген  қораз «Брама» тұқымы болып шықты. Шынында да олардың денесінің биіктігі 60-120 сантиметр  дейін жетеді.

"Бұл  Брама қоразы, жөндеп қараңдар, шынында да олар тап осындай үлкен»,- деп атап өтті  " @Kxngwade пайдаланушы.