11:17, 10 Қараша 2024 | GMT +5
Қордай ауданында 17 жасар қыздың денесі табылды
АСТАНА. KAZINFORM — Жамбыл облысы полиция департаменті бұл ақпаратты растады.
— Қордай ауданында қыздың денесін табу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Болған оқиғаның егжей-тегжейлі мән-жайларын анықтау үшін полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201-бабына сәйкес басқа мәліметтер жария етілмейді, — делінген полиция департаменті хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Алматы облысында қараусыз қалған ғимараттан нәрестенің денесі табылғаны хабарланды.
Сонымен қатар, Шахтинск қаласында әскери қызметшінің денесі табылғаны анықталды.