Қордай оқиғасы: 120 қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қордайдағы оқиғадан кейін 120 қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қордай оқиғасы: 120 қылмыстық іс бойынша тергеу жүріп жатыр

«Қордай оқиғасы бойынша қазіргі уақытта 120 қылмыстық іс қозғалған. Ведомствоаралық жедел тергеу тобын Бас прокуратура басқарады. Өкінішке қарай, қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу амалдары жайлы ақпаратты, сонымен қатар қанша адамның қылмыстық жауапкершілікке тартылып, қаншасының қамауға алынғанын жариялай алмаймыз», - деді Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов Үкімет отырысынан кейін тілшілерге.

Дегенмен ол Қордайдағы қақтығыс бойынша қамауға алынғандар барын жеткізді.

«Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы (кісі өлтіру) бабы бойынша 11 қылмыстық іс қозғалған», - деді ол.