Қордайда 31 келіден астам есірткіні шекарадан алып өтпек болған қырғыз азаматы ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қордай шекаралық тексеру отрядының шекара наряды 31 келі георин алып өтпек болған Қырғызстан азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметінен.
None
None

«21 шілдеде аталмыш отрядтың шекара наряды Қазақстан аумағы арқылы Ресейге өтпек болған қырғыз азаматының автокөлігін тексеру барысында арнайы үйретілген қызметтік ит көлікте есірткі бар екендігі туралы белгі берді. Тереңірек тексеру нәтижесінде артқы орындықтың астынан бұл жолы 31 келіден астам георин табылды», делінген хабарламада.

Іс тиісті мекемелерге берілді. Тексеру басталды. Қырағы шекарашылар ҚР ҰҚК Шекара қызметі директорының тарапынан марапатталатын болады.

Соңғы жаңалықтар