Корея дәрігерлері Шымкентте 150 келі салмақтағы емделушіге күрделі ота жасады

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат - Шымкенттік хирургтер семіздікпен күресуге көмектеседі. Облыстық клиникалық аурухана базасында емделушінің асқазанын кішірейту бойынша күрделі ота жасалды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА otyrar.kz-ке сілтеме жасап. 
None
None

Жергілікті мамандарға көмек көрсетуге Оңтүстік Корея хирургтері келді. Ота үстелінде науқастың салмағы 150 келі болды. Дәрігерлер оған жоғары деңгейлі семіздік деген диагноз қойды.

Хирург Йонгжин Кимнің айтуынша, «семіздік мәселесі бүгінгі таңда әлем бойынша кең таралып отыр».

«Өкінішке орай мұндай емделушілер арасында жастар өте көп. Мәселені жою үшін бұл іске хирургтердің араласуына тура келеді. Мұндай оталар шет елдерде жиі жасалады. Қазақстан мен ТМД елдерінде бұл сала енді ғана дамып келеді. Сіздердің дәрігерлеріңізбен арада жасалған меморандум аясында біз шеберлік сыныптарын өткіземіз», - деді ол. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен оңтүстіккорейлік Сунхончян клиникасы екі жақты келісімшарт аясында оңтүстікқазақстандық хирургтердің біліктіліктерін арттырады.

Отадан өзге шетелдік дәрігерлер облыстық клиникалық аурухана базасында басқа да медициналық тренингтер өткізді. Сондай-ақ, ОҚО мамандары Оңтүстік Кореяда болып, шетелдік мамандардың жұмысымен танысып, тәжірибе алмасты. 

Соңғы жаңалықтар