Корея Қазақстан экономикасына 3 млрд. доллардан астам тікелей инвестиция салды - Н. Назарбаев

АСТАНА. Мамырдың 12-сі. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Корея Республикасының Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициясының жалпы көлемі 3 млрд. АҚШ долларынан асып жығылады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.«Сауда-экономикалық өзара байланыстар қарқын алып келеді. Былтыр біздің елдер арасындағы тауар айналымы 750 млн. АҚШ долларын құрады. Біздің елде 300 бірлескен қазақ-корей кәсіпорындары жұмыс істейді. Корейлік компаниялардың Қазақстан экономикасына салған тікелей инвестициясының көлемі 3 млрд. доллардан астамды құрады», деді бүгін Ақордада Корея Республикасының Президенті Ли Мен Бакпен жүргізілген келіссөздерден кейінгі баспасөз мәслихатында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. Мемлекет басшысы Қазақстан мен Кореяны серіктестік пен достықтың дәстүрлі қарым-қатынасы байланыстыратынын атап көрсетті.
Соңғы жаңалықтар