Корея қор биржасы қазақстандық компанияларды өзіне тартуға зор үміт артуда - Hanwha Securites компаниясының бірінші вице-президенті

Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «ІРО және Кореяның қаржы нарығы» халықаралық форумында айтылды.
«Біздің мақсатымыз - қазақстандық компанияларды Кореяның қор биржасымен таныстыру және Корея нарығынан капитал тартуға көмектесу. Қазақстандық компаниялар үшін біздің нарықтың келешегі мен мүмкіндіктері мол. Корея қор биржасындағы шетелдік эмитенттер арасында қытайлық компаниялар көп. Олар өздерінің түрлі операцияларын биржа арқылы жүзеге асырады», - дейді Hanwha Securites компаниясының бірінші вице-президенті О Хиёл. Оның айтуынша, қазіргі таңда Корея қор биржасы өзіне шетелдік компанияларды көптеп тарту үшін өз жоспарын жүзеге асыруда. Оның ішінде қазақстандық компаниялардан да зор үміт күтуде.
«Біздің қытайлық 8 компанияның Корея қор биржасына енгізудегі тәжірибеміз бар. Енді қазақстандық компанияларды да өз биржамызда листингілеу үшін түрлі кездесулер жоспарлап отырмыз. Жалпы Корея қор биржасында бүгінгі таңда 40-қа жуық эмитент бар. Азия нарығында көлемі жағынан үздік үштіктің қатарында», - деп отыр О Хиёл.