Корея парламенті ит етін пайдалануға тыйым салатын заң жобасын мақұлдады

Оңтүстік Кореяда Ұлттық жиын сейсенбі күні ит етін пайдалануға тыйым салатын арнайы заң жобасын қабылдады. Kazinform бұл туралы Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Корея ит етіне жеуге тыйым салатын заңды мақұлдады
Фото: pexels

Ит өсіріп, союға, сондай-ақ ит етін таратып, сатуға тыйым салатын заң жобасын парламент мақұлдады – 208 парламент мүшесі қолдап дауыс берсе, екеуі қалыс қалды.

Басқарушы партия мен негізгі оппозициялық партия бірлесіп жануарлардың құқықтары туралы мәлімет артып, елдегі үй жануарлары саны артқанына байланысты ит ұстап, оны союға тыйым салатын арнайы заң жобасын қабылдау қажет деген мәселе көтерді.

Бұған дейін Оңтүстік Кореяның 10 тұрғынының 9-ы ит етін жегісі келмейтінін айтқан болатын.

 

Соңғы жаңалықтар