Корея Президенті резиденциясында Қасым-Жомарт Тоқаевты қарсы алу рәсімі өтті
АСТАНА. KAZINFORM — Сеулге мемлекеттік сапармен барған Қазақстан Президентін Корея Республикасы Президентінің резиденциясында салтанатты түрде қарсы алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ли Чжэ Мёң бір-біріне делегация мүшелерін таныстырды.
Құрмет қарауылының бастығы рапорт беріп, екі елдің мемлекеттік әнұрандары шырқалды.
Айта кетелік Қасым-Жомарт Тоқаев Корея Республикасына мемлекеттік сапармен барған еді.