Корея Президенті Қазақстанмен бірлескен ынтымақтастықтың үш белдеуін құруды ұсынды

АСТАНА. Мамырдың 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Корея Республикасының Президенті Ли Мён Бак бірлескен ынтымақтастықтың үш белдеуін құруды ұсынды. Бұл туралы ол бүгін Астанада өтіп жатқан қазақстандық-кореялық бизнес-форумында мәлім етті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Мен Қазақстан мен Кореяның бірлескен ынтымақтастықтың үш белдеуін құруын ұсынғым келеді. Бұлар энергетика, ақпараттық технологиялар және көлік саласындағы қарым-қатынас», - деді Корея Республикасының Президенті. Ол знергетикалық белдеудегі ынтымақтастық тек табиғи ресурстар саласындағы өзара іс-қимылмен шектелмейтінін, бұнда инфрақұрылымды құру бойынша жобаларды дамыту ескерілетінін айтып өтті. «Корея Республикасы құрылыс саласында, атом электр стансыларын басқаруда және электр желілері саласында озық технологияларға иелік етеді. Егер де біз бұл технологияларды Қазақстанның энергоресурстарды өңдеу саласымен біріктіретін болсақ, үлкен нәтижелерге қол жеткізіледі», - деді Ли Мён Бак.
Соңғы жаңалықтар