Корея Республикасы Қазақстанмен мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе алмасуға әзір

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Корея Республикасы Қазақстанмен мемлекеттік қызмет саласында тәжірибе алмасуға әзір. Бұл туралы Корея Республикасының персоналды басқару министрі Ли Гун Мён Кореяға жұмыс сапарымен барған Астанадағы мемлекеттік қызмет саласындағы басқарушы комитеттің төрағасы Әлихан Бәйменовпен кездесу барысында хабарлады.

Басқарушы комитеттің баспасөз қызметі хабарлағандай, Ә. Бәйменов министрді Өңірлік хаб қызметімен және Қазақстанның бес институционалдық реформаларын іске асыру бойынша «Ұлт жоспары - 100 нақты қадамның» кәсіби мемлекеттік аппараттың тиімділігін арттыру бойынша негізгі қырларымен таныстырды.

Министр Ли Гун Мён мемлекеттік қызмет саласындағы білім мен тәжірибе алмасуға арналған халықаралық платформа ретінде Өңірлік хаб қызметіне жоғары баға беріп, осы салада ынтымақтастықты жалғастыруға мүдделілік танытты.

Сапар аясында Әлихан Бәйменов Корея Республикасы Адам ресурстарын дамыту ұлттық институтының президенті Ок Донк Сукпен кездесті. Кездесу барысында тараптар оңтүстіккорейлік тәжірибе негізінде Хабқа қатысушы елдер мемлекеттік қызметшілерінің әлеуетін арттыру бойынша бірлескен семинарлар ұйымдастыру, бірлескен тақырыптық зерттеулер жүргізу, тараптардың экспорттық желілерін кеңейту сияқты Өңірлік хаб аясындағы ынтымақтастықтың ықтимал бағыттарын талқылады.

Соңғы жаңалықтар