Корея Республикасы мен ОА мемлекеттерінің арасындағы қатынастарда айқын нәтижелерге қол жеткізілді - Ташкенттегі форум
Бұл туралы «Корея Республикасы - Орталық Азия» атты V Ынтымақтастық форумында Корея Республикасының СІМ басшысының бірінші орынбасары Пак Сок Хван мәлімдеді.
П.Хванның айтуынша, Оңтүстік Корея мен Орталық Азия бұрынғы кезден-ақ Жібек жолы арқылы белсенді сауда-саттық пен ынтымақтастықты дамытқан. Бұрынғы уақытта аймақ бойынша өтетін Жібек жолы Азия мен Еуропаны қосып, гуманитарлық және өркениетаралық қатынасты қамтамасыз еткен негізгі тораптың рөлін атқарған. ОА мемлекеттерінде тұратын 300 мыңдай кәрістер диаспорасы корей халқы мен аймақ халықтарының ынтымақтастығына себепші болған тағы бір айтарлықтай маңызды фактор болып табылады.
«Жаһандық қаржы-экономикалық дағдарысқа қарамастан, Орталық Азия елдері соңғы үш жылдың ішінде тұрақты ресурстық әл-ауқатты, сонымен қатар халқының талпынысы мен мықты ерік-жігерін байқатуда. Орталық Азия шексіз даму үшін бірегей әлеуетке ие екендігін сеніммен айтуға болады, - деп мәлімдеді Корея Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары. - Бұл ОА елдері мен Корея Үкіметі арасындағы қарым-қатынастың дамуына бөлінетін назарды көрсетеді. 1992 жылдан 2010 жылға дейін Корея Республикасы мен Орталық Азия елдері арасындағы тауар айналымы бұрынғы 15 млн. АҚШ долларынан 180 есеге өсіп, 2,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Мемлекеттер аймақтары тұрғындарының Кореяға сапар шеккендер саны 80 адамнан 400 есеге дейін өсіп, 32 мың адамды құрады.
Өзбекстан және Қазақстанмен ынтымақтастық аясында Оңтүстік Корея Үкіметінің деңгейінде орындалып жатқан Бағдарламаны жүзеге асыру барысында экономикалық даму тәжірибесімен алмасу (KSP, Knowledge Sharing Program) бойынша жақсы нәтижелерге қол жеткізілді.
Бұрын хабарланғандай, бүгін Ташкентте «Корея Республикасы - Орталық Азия» ынтымақтастық Форумының бесінші отырысы өз жұмысын бастады. Қазақстандық делегацияны ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Дулат Бәкішев бастап барды.