Корея Республикасында кәріс-қазақстандық технологиялық ынтымақтастық орталығы ашылды

АСТАНА. 28 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін Корея Республикасы Даеджон қаласының инновациялық кластерінің Кәріс қорында кәріс-қазақстандық технологиялық ынтымақтастықтың орталығының салтанатты ашылуы болып өтті, деп хабарлайды «Ұлттық инновациялық қор» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Орталықтың негізгі қызметтеріне ақпаратты тарату, инвесторларды, серіктестерді және технологияларды іздестіру, бірлескен ғылыми-зерттеушілік және инновациялық жобаларды үйлестіру, инновацияларды құру және басқару саласында қызметкерлер құрамының біліктілігін дайындау әрі жоғарылату бойынша бірлескен бағдарламаларды ұйымдастыру, т.б. жолдар арқылы мемлекеттер компаниялары арасында ынтымақтастықты орнату болып табылады.

Орталық арқылы жүзеге асырылатын бастамалар бірлесе қаржыландырылады деп жоспарланып отыр. Кореяның білім және экономика министрлігі орталық базасында жүзеге асырылатын үш қазақстандық-кореялық жобаға 900 мың доллар бөлген еді. Бұл ғылыми-зерттеушілік институт пен бірқатар R&D зертханаларының Қазақстандағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялары саласындағы жаңа ашылымдар, энергияның жаңартылып жатқан көздерінің дамуы, сондай-ақ омыртқа жасушасын пайдалану арқылы қатерлі ісіктің жасуша терапиясын енгізу болып табылады.

Қазақстандық жақтан бірлескен жобалар бастамашыларының жеке қаржысымен және «ҒЗҚ» АҚ ұсынған инновациялық қызметті қолдау құралдарын қолдану арқылы қаржыландырылады.

Орталық қызметі инновациялар негізінде бизнестің сәтті дамуының мысалдарын құрып, екі мемлекет арасында инновациялар саласындағы ынтымақтастығын маңызды белсендіре түседі, деп күтілуде.

Орталықты ашу туралы келісімге Корея Республикасының Президентінің Қазақстан еліне 2011 жылдың 25 тамызында жасаған ресми сапарының барысында Ақордада екі мемлекет басшылары - Нұрсұлтан Назарбаев пен Ми Мен Бактың қатысуымен өтіп, қол қойылды. Келесі күні, 26 тамызда «ҒЗИ» АҚ-да кәріс-қазақстандық технологиялық ынтымақтастық орталығы іске қосылды, деп хабарлайды компанияда.

Соңғы жаңалықтар