Кореяда әскери ұшақ апатқа ұшырап, 4 адам қаза тапты

АСТАНА. KAZINFORM — Корея Республикасында әскери ұшақ апатқа ұшырап, оның барлық төрт экипаж мүшесі опат болды, деп жазады АЗЕРТАДЖ.

Кореяда әскери ұшақ апатынан экипаждың төрт мүшесі қаза тапты
Фото: Yonhap

Агенттік Yonhap-қа сілтеме жасап хабарлағандай, Корея Республикасының Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, P-3 теңіз патрульдік ұшағы жергілікті уақыт бойынша 13:43–те елдің оңтүстік-шығысындағы Пхохан қаласындағы әскери базадан оқу-жаттығу тапсырмасын орындау үшін ұшып шыққан.

13:49 шамасында ұшақ базаға жақын маңдағы төбеге соқтығысқан. Ведомствоның мәліметінше, тұрғындар арасында зардап шеккендер жоқ. Қаза тапқандардың денелері күйіп кеткен.

Қираған ұшақтың сынықтарынан үш адамның денесі табылды.

Жанып жатқан ұшақты сөндіру үшін тікұшақтар мен арнайы техникамен жабдықталған өрт сөндірушілер жұмылдырылды. Мәліметтерге қарағанда, апатқа ұшыраған P-3 ұшағы толығымен жанып кеткен.

Бұған дейін Финляндиядағы тікұшақ апатынан бес адам қаза тапты.

Соңғы жаңалықтар