Корейлік инвесторлар Қазақстанда қайталама қайта өңдеу саласын дамытпақ

Батырбек Аубакиров
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық «Өнеркәсіпті дамыту қоры» Оңтүстік Кореялық инвесторлармен қайталама шикізатты қайта өңдеу саласында ынтымақтастық келісімге келді.

«Бүгінгі конференция отандық қайта өңдеу кәсіпкерлерімен өзара іс-қимылды күшейту мақсатында өткізілді. Оның барысында тұйық цикл экономикасының аспектілері, қайталама шикізатты қайта өңдеу саласындағы салық мөлшерлемелері туралы заңнама, шағын және орта бизнесті қаржыландыру және субсидиялау мәселелері талқыланды», - деді Қазақстанның қайталама шикізатты қайта өңдеушілер қауымдастығының төрағасы Батырбек Әубәкіров. 

Конференция барысында Оңтүстік Кореядан келген инвесторлармен B2B кездесулер өтті, оның қорытындысы бойынша «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-мен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

«Оңтүстік Кореяның қайталама қайта өңдеу саласын дамытуда халықаралық тәжірибесі мол. Бүгінгі жиында корейлік инвесторлармен шикізат және логистика проблемалары, қайталама шикізатты қайта өңдеу және қалдықтарды жинау саласын одан әрі дамыту мен қолдау мәселелерін сөз етіп, келісімге келдік», - дейді қауымдастық төрағасы. 

Айта кетсек, елімізде 100 мың тонна пластиктің тек 3,5 мың тоннасы ғана қайта өңделеді

Бүгін Астанада «Қазақстанда қайталама шикізатты қайта өңдеу: даму проблемалары мен перспективалары» тақырыбында гибридті форматтағы халықаралық конференция өтті.

Соңғы жаңалықтар