Қорғалжын ауданында өртті сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қорғалжын ауданындағы Сарыкөлде өртеніп жатқан қамысты сөндіруге тікұшақ жұмылдырылды. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаевтың төрағалығымен өткен облыстың жедел штабтың отырысында айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
Фото: Ақмола облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Ведомствоның мәліметінше, штаб отырысында аумақтық ТЖД бастығы Нұрлан Атығаевтың өрт сөндіру жұмыстары барысы жайында баяндады. Оның айтуынша, батпақ, екпінді жел және техника жүретін жолдың жоқтығы өртті сөндіруге біраз қиындықтар келтіруде. Сол себепті, «Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы тартылды.


«Қазіргі кезде тілсіз жауды ауыздықтауға құтқару қызметтерінің күштері мен құралдары, атап айтқанда 40 адам мен 16 техника және 1 тікұшақ жұмылдырылды. Өрттің таралуын болдырмау үшін әуеден су шашу және от ошақтарын сөндіру жұмыстары жүргізілуде. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Елді мекендерге қауіп жоқ», - деді ведомстводан.

Айта кетсек, бұдан бұрын Қорғалжында жанып жатқан 100 гектар қамысты сөндіруге тікұшақ тартылғанын жазған едік.



Соңғы жаңалықтар