Қорғалжын қорығы Дүниежүзілік ЮНЕСКО биосфералық резерваттар жүйесіне енді

АСТАНА. 13 шілде. ҚазАқпарат - Осы күндері Парижде өтіп жатқан ЮНЕСКО-ның «Адам және биосфера» бағдарламасы аясындағы Халықаралық координациялық кеңес Қорғалжын мемлекеттік табиғи қорығын Дүниежүзілік ЮНЕСКО биосфералық резерваттар
None
None

жүйесіне енгізу туралы қазақстандық тараптың алғашқы өтінішін қабылдады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қорғалжын» биосфералық резерваты Еуразияның құрғақ далалық ландшафты аумағы болып табылатын тұщы және ащы су қоймалары бар, бірегей табиғат аясы ретінде белгілі. Бұл аумақта Қазақстанның басқа жерлерінде жойылып кеткен дала экожүйесінің қайталанбас жақұты қаз-қалпында сақталған.

Ол Орталық Қазақстанда, жыл құстарының ұшып өтетін Ортаазиялық-үнділік және Сібірлік-шығысафрикалық жолдарының түсілісінде орналасқан. Сондықтан құстардың алыс жолда тынығатын сулы-батпақты мекені. Қорғалжын - Қазақстан үшін ғана емес, бүкіл Орталық Азия үшін халықаралық маңызға ие табиғат қорығы.

Халықаралық координациялық кеңес Қазақстан өтінішінен басқа тағы 30-дан астам елдің өтініштерін қараған. Дегенмен, олардың тек 15-і ғана биосфералық резерват қатарына алынды.   

Соңғы жаңалықтар