Қорғаныс министрі әскердегі проблемаларды ашық айтуға уәде берді

«Екі аптада бір рет бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ресми брифинг өткізуді жоспарлап отырмыз. Бұған дейін осындай тәртіпте мәлімет беру қарастырылмаған еді. Брифинг барысында жеке өзім, менің орынбасарларым және басқа да жауапты офицерлер тілшілердің кез келген сұрағына жауап беретін болады. Неғұрлым ашық болсақ, соғұрлым түсіністік қалыптасады. Сондықтан алдағы уақытта біз өткізетін брифингіге шақырамын», - деді Р. Жақсылықов Мәжілісте тілшілердің сауалына жауап бере отырып.
Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов мерзімді әскери борышын өтеп жүргендер арасында өз-өзіне қол жұмсау жағдайларына қатысты пікір білдірді.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Маңғыстау облысында шекара қызметінде әскери борышын өтеп жүрген сарбаз өз-өзіне қол жұмсады .
Айта кетейік, Президент армияда өлім-жітімнің жиілеуіне байланысты комиссия құруды тапсырды.