08:53, 01 Маусым 2014 | GMT +5
Қорғаныс министрі қызметінен босатылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Корея Президенті Пак Кын Хе қорғаныс министрі Ким Гван Чжинді қызметінен босатты, деп хабарлайды «Ренхап» агенттігі.
Оның орнына президент кеңесшісі Хан Мин Ку тағайындалды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай , Оңтүстік Корея премьер-министрі Чон Хон Вон «Севол» кемесінің апатына байланысты оңтүстіккореялық биліктің сынынан соң отставкаға кеткен болатын.