Қорғаныс министрі НАТО өкілдерін қабылдады

«Қорғаныс министрлігі аймақтағы өзара іс-қимыл жөніндегі офицердің жаңаруын қолдайды. Бұл біздің Альянспен ынтымақтастығымызды тиімді үйлестіруге мүмкіндік жасайтындығына сенемін. НАТО мен ынтымақтастықта Қазақстан үшін өзара байланыста басымдық бітімгерлік бөлімшелерді жедел үйлесімділікті қамтамасыз ету мақсатында оқытып-үйретуге негізделген. Тәжірибелік тұрғыда ұлттық бітімгерлік әлеуеттің дамуына, біріккен жаттығударға қатысып оны жоспарлауда тәжірибе алмасуға, бейбітшілікті қолдау операцияларын жүргізуді жан-жақты қамтамасыз етуге бағытталған,-деді Әділбек Жақсыбеков.
Өз кезегінде Джеймс Аппатура Қазақстан НАТО-ның аймақтағы ең белсенді серіктесі болып табылатындығын атап өтті. «Солтүстік атлантикалық Альянс Қазақстан Қарулы Күштерінің дайындық деңгейін жоғары бағалайды. Біз екіжақты әскери ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мүдделіміз, әрі өз тарапымыздан мейілінше қолдау көрсетуге әзірміз»,- деді ол.
Жыл сайын Қазақстан аумағында қазақстандық әскери қызметшілердің және шетелдік мемлекеттер өкілдерінің қатысуымен «Дала қыраны» бітімгерлік жаттығуы өткізіліп келеді. 2012 жылдың қыркүйегінде бірінші рет «Бейбітшілік үшін серіктестік» рухында Қазақстан Қарулы Күштерінің, АҚШ, Ұлыбритания, Тәжікстан бөлімшелерінің, сондай-ақ Германия, Италия, Литва, Қырғызстан, Тәжікстан, Франция, Украина және Швейцария өкілдері қатысқан жаттығу өткізілді.
«Біз, НАТО елдері мен оның серіктестері бөлімшелерінің жаттығуларға қатысуының кеңеюіне мүдделіміз және бұл мәселеде НАТО қолдау көрсетеді деп есептейміз», - деді Қорғаныс министрі.
Қазақстандық әскери қызметшілерді НАТО әдістемелері мен стандарты бойынша оқытып үйрету үшін Құрлық әскерлерінің Әскери институтында (КАЗЦЕНТ) «Бейбітшілік үшін серіктестік» Оқу орталығы құрылды. КАЗЦЕНТ базасында Қазақстан әскери қызметшілерінің және НАТО елдері мен оның серіктестерінің қатысуымен «Көпұлтты операциялардағы ағылшын тілінің әскери терминологиясы» және «НАТО-ның штабтық рәсімі» атты 30-дан астам курс пен семинарлар өткізілді.