Қорғаныс министрлігі әскери әйелдерді 8 наурыз мейрамдарымен құттықтады (ФОТО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Халықаралық әйелдер күні қарсаңында ҚР Қарулы күштерінің әскери-тарихи мұражайында әскери әйел қызметкерлер мен шет мемлекеттердің әскери атташе жұбайларына арналған мерекелік жиын өтті.
None
None

Аталмыш шарада мерекелік концертпен қатар, қазақстандық сәнгерлердің әйелдер коллекциясының көрмесі өтті. Оған шамамен 200-ге тарта Қазақстанның әскерінде қызмет ететін әйелдер мен 20-дан астам әскери атташе жұбайлары қатысты.

«Әйелдерге құрмет, олардың сұлулығына, еңбекқорлығына, аналық жылулығына бас ию - ең жақсы адамгершілік қасиеттер. Біздің Отанымыз ерлермен қатар тұрып, кез келген уақытта көмектесуге дайын әйелдеріміздің алдында басын иеді. Ұлы Отан соғысы майданында мыңдаған әйел қару алып, соғысты, жаралыларды өлім аузынан алып қалды. Ерлік пен асқан батылдық көрсетті. Тылда миллиондаған әйел ел тәуелсіздігі үшін аянбай еңбек етті. Өздерінің жылулықтарымен, сенімі мен махаббатымен жауынгерлерге рух берді», - деді ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Талғат Мұхтаров.

Мерекеге шақырылған мейманның бірі - Ботакөз Мұсаева. Ол әскери әулеттен шыққандықтан, әке жолын қууды шешкен. Қазіргі уақытта ол Астана қаласындағы Сарыарқа аудандық қорғаныс істері жөніндегі басқармасында қызмет етеді. 2015 жылы ол конкурсанттардың сұлулығына ғана емес, дене дайындығына мән беретін «Батыр арулар» байқауына қатысқан болатын. Байқаудың 12 жеңімпазы 2016 жылғы арнайы күнтізбеге шығып отыр. Ботакөз Мұсаева «Наурыз аруы» деп танылды.

«Маған қиын емес, қайта Қазақстаныма қызмет ететінім өзіме абырой көрінеді. Біздің әскерде ешқандай жеңілдік берілмейді, дегенмен әйелдеріміз әскерде өздерін еркін сезінеді. Бүгінде Қазақстан әскерінде 8 128 әйел адам бар және ол көрсеткіш жыл санап артып келеді», - деді ол тілшілерге берген сұхбатында.

Сонымен қатар мұражайда атташе жұбайларына арналған экскурсия ұйымдастырылды. Онда олар қазақ халқының жаугершілік тарихымен етене танысуға мүмкіндік алды.

Айта кетейік, біздің елде 38 елдің әскери атташесі тіркелген. Қорғаныс министрлігі серіктес мемлекеттермен әлемде бейбітшілікті сақтауға бірлескен іс-қимылдарға баруға дайын. Былтырдың өзінде Ресей, АҚШ, Қытай, Түркия елдерімен 10-нан астам бірлескен әскери жаттығулар өткізілді.

null null null null null null null null null null

Соңғы жаңалықтар