14:01, 16 Қараша 2022 | GMT +5
Қорғаныс министрлігі әскери каскаларға қатысты тараған видеоға түсінік берді
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қорғаныс министрлігі әскери каскаларды металл қалдықтарына тапсырылғаны туралы видеоға түсінік берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Әлеуметтік желіде тараған видеодағы әскери каскалар Қорғаныс министрлігіне тиесілі емес. Ведомствода тексеріс жүргізілді. Қарулы күштердің әскери бөлімдерінде әскери мүлікті жымқыру және жоғалту фактілері орын алған жоқ», - делінген хабарламада.
Айта кетсе, бұған дейін бірқатар БАҚ-та металл қалдықтарына тапсырылған әскери каскалар туралы видода тараған болатын. Видеода бұл каскалардың Қорғаныс министрлігіне тиесілі екені айтылады.
Видеодан алынған кадр