«Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығына инвестиция салынатын болды

АСТАНА. Ақпанның 6-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін ҚР Индустрия және сауда министрлігінде «Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы» АҚ (ХШЫО) мен «Тайота Цусе Корпорейшн» АҚ арасында «Қорғас» ШЫХО Қазақстан бөлігін игеруге инвестиция салу жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Қол қою рәсіміне «Қорғас» ХШЫО-ның президенті Нұрлан Сейдәлі және «Тайота Цусе Корпорейшн» атынан Жаһандық стратегиялық ықпалдастық басқармасының бас басқарушы директоры Кенжи Таканаши қатысты. Аталған меморандумда Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы жобасын құруда тараптар ынтымақтастығының негізгі бағыттары мен ұстанымдары айқындалып, инвестиция тарту, бірлескен шараларды өткізу, сондай-ақ тәжірибе алмасу мәселелері қамтылған. Кенжи Таканашидің айтуынша, «Тайота Цусе Корпорейшн» бас кеңсесінде қазақстандық жобаларды жүзеге асыру бойынша арнайы топ құрылған. «Қорғас» ХШЫО шетелдік компаниялар үшін Орта Азия нарығына жол ашатын негізгі логистикалық орталық екенін жеткізген ол, «өткен жылы Қазақстан Президенті Жапонияға сапармен келгенде жапондық компаниялардың Қазақстанға деген қызығушылығы арта түсті. Бұл екі жақты қарым-қатынастарда біздің достастығымызды күшейтуге ықпал етті. Сондықтан біз осы мүмкіндікті пайдалана отырып, қазақстандық әріптестермен ынтымақтасып жүрген біздің елдің компанияларының ішінде бірінші болғымыз келеді», - деді Кенжи Таканаши.
Соңғы жаңалықтар