«Қорғас» Халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында көктемгі «Наурыз-2013» фестивалі өтуде

Ұйымдастырушы - «NRG+ST» ЖШС.
Жобаның әріптестері «Қорғас» ХШО» АҚ, Алматы облысындағы Панфилов ауданының әкімдігі, «Diamante» ивент-агенттігі. Оған ҚР мен ҚХР ресми және іскер топтарының, шетелдік дипломатиялық миссиялардың, отандық және халықаралық бизнес-элитаның, еліміздің ұлттық-мәдени орталықтарының өкілдері қатысуда.
Бағдарламада - «Достық» аллеясын жасау, театрландырылған қойылымдар, концерттер, «Саятшы» бүркітшілерінің шоуы, алтыбақанда халықтықтық ойындар, ұлттық спорт түрлерінен жарыстар, қайырымдылық лотереясы, ұлттық тағамдар мен Орталық Азия мен Ресей қолөнершілері жасаған қолданбалы-сәндік қолөнер бұйымдарының жәрмеңке-сатылымы, Қазақстанның жетістіктері туралы фотокөрме, қазақстандық суретшілердің картиналарының көрме-жәрмеңкесі, қолөнер шеберлерінің шеберлік сабақтары көзделген.
Мереекеге сай безендірілген қазақтың киіз үйлері орнатылып, кәсіпкерлер үшін жаңа байланыстарды жолға қою үшін бизнес-кездесулерге арналған алаңдар жасалған. Фестиваль қонақтарының ҚХР аумағындағы жаңа сауда алаңдарымен танысумен қатар, оның алғашқы сатып алушылары болуларына мүмкіндіктер жасалған.
«Қорғас» ХШЫО - екі елдің мемлекет басшыларының бастамасымен жүзеге асырылып отырған ірі жоба. Орталықтың негізгі ұстанымы - ҚР мен ҚХР азаматтарының және елде іскерлік кездесулер үшін ресми болатын үшінші мемлекеттер азаматтарының еркін қозғалуы, ҚР, ҚХР және ТМД елдері өндіретін өнеркәсіп өнімдерімен танысу, бажсыз сауда және сауда мәмілелерін жасау. ХШЫО аумағында шекаралық сауда жүргізу және ҚХР және басқа да елдермен іскерлік ынтымақтастық орнату үшін ерекше құқықтық режим көзделген. Орталықтың аумағында визасыз болудың ұзақтығы - 30 тәулік.