«Қорғас» ХШЫО ашылуы Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына ең жақсы сый болады - ҚХР Сыртқы істер министрінің орынбасары

ЙЖІҢ. 23 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - 2 желтоқсан күні «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы ресми түрде ашылады, деп мәлім етті ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында ҚХР Сыртқы істер мнистрінің орынбасары Фу Ин.
None
None

«Қорғас» ХШЫО-ның ашылуы екіжақты қарым-қатынастағы кезекті нәтиже, ал Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына ең үлкен сыйлық болады», - деп атап өтті қытай дипломаты.

Екіжақты қарым-қатынастың дамуына тоқтала отырып, ол 20 жыл ішінде қазақ халқы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен тұрақтылық пен қауіпсіздік жолында келе жатқанын атап өтті. «Қазіргі таңда Қазақстанда саяси тұрақтылық, халықтың өмір сүру жағдайының жақсарғаны байқалады. Осы кезең ішінде екі ел басшылығының арқасында екіжақты қарым-қатынас жақсы дамуда. Тараптар арасында мемлекеттік шекара мәселесі толықтай және нақты реттелді», - деп атап өтті Фу Ин.

Сондай-ақ ол Қазақстан мен Қытай халықаралық және аймақтық істерде бір-біріне қолдау білдіріп, ынтымақтастық орнатқанын, ал бұл екі халыққа пайдасын тигізіп, жалпы алғанда әлем дамуына да өз үлесін қосады деп атап өтті.

«Бүгін әлем алдында жаңа қауіп-қатерлер, әсіресе Еуропалық одаққа мүше бірқатар елдердің қарыздарына қатысты мәселелер тұр. Қаржы дағдарысына қарамастан Қазақстан мен Қытай тұрақтылықты сақтауда, алайда бұл мәселелерге бей-жай қарай алмайды. Осыған байланысты Қытай тарапы Қазақстан тарабымен ішкі тұрақтылық пен екіжақты қарым-қатынастың дамуына қатысты мәселерді бірге талқылауға әрдайым дайын», - деп толықтырды ол.

Сұхбат соңында Фу Ин Қытай Халық Республикасы Сыртқы істер министрі және қытай басшылығы тарапынан Қазақстан халқын Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар