«Қорғас» ХШЫО - бұл Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді ынтымақтастық пен достық байланыстарды тереңдету ісіндегі жаңашылдық - ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің вице-премьері

Бұл туралы бүгін «Қорғас» ХШЫО аумағы алдында қытайлық және қазақстандық тараптардың осы жобаларға қатысушыларының алдында сөйлеген сөзінде ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің вице-премьері Чжан Дэцзян айтты.
Ч.Дэцзянның айтуынша, «Қорғас» пен теміржол түйісуін біздің елдеріміз арасындағы әлеуметтік-экономикалық дамуға ғана емес, тұтастай алғанда еуразиялық аймақта шекаралық ынтымақтастық орталығы мен жаңа теміржол дәлізін толық ашудың жақсы мүмкіндігі ретінде пайдалану қажет.
«Қорғас» ХШЫО Қытай мен Қазақстан арасындағы өзара тиімді әріптестік пен достық қарым-қатынасты тереңдетуге бағытталған жаңашылдық.
Бұл сонымен қатар ҚХР мен ҚР, сондай-ақ барлық Еуразиядағы халықаралық әріптестіктің бірінші трансшекаралық орталығы» , - деп атап өтті ол.
Көлік саласындағы әріптестікті айта келе, Қытай елінің вице-прьемері өткен ғасырдың 90-жылдары «Алашанькоу-Достық» теміржол торабы біздің елдеріміздің арасында алғашқы теміржол дәлізін қалыптастырғанын атап өтті.
Бүгінде Қазақстан-Қытай теміржол дәлізінің екінші бағыты ашылды. Біздің алдымызда екі елді біріктіріп және сауда-экономикалық байланыстарды арттыру үшін бірегей мүмкіндіктер ашатын ірі көлік магистралі тұр.
"Қорғас" ХШЫО бұл Қытай-Қазақстан теміржол желісі учаскесінің тоғысатын жері. Бұл ҚХР Төрағасы Ху Цзиньтао мен Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев аса маңызды көңіл аударып отырған стратегиялық өлшеу жобасы.
«Бұл Қытай және Қазақстан екі мемлекетінің басшылары екі жақты стратегиялық әріптестікке елеулі назар аударып отырғандығының дәлелі», - деп атап өтті Ч.Дэцзян.