12:12, 02 Желтоқсан 2011 | GMT +5
«Қорғас» ХШЫО ҚХР-ның шекара маңы ынтымақтастығының алғашқы халықаралық орталығы болып табылады
ҚОРҒАС. 2 желтоқсан. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Бүгін Қорғаста - «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақстастығы орталығының ашылуы мен қытай-қазақстандық теміржол желісі учаскелерінің түйісуі сияқты екі ірі оқиға болады. Бұл туралы «ҚазАқпаратқа» сұхбатында «Қорғас» еркін экономикалық аймақ партия комитетінің хатшысы Лу Мин айтты.

Қытайлық партия қызметкерінің айтуынша, Қытай мен Қазақстанның «Қорғас» ХШЫО-ны бірлесіп салуы екіжақты шекара маңы саудасының аймағын құрып, аймақтық экономикалық ынтымақтастық тетігінің іске асырылуына көмектеседі. «Қорғас» ҚХР-дың шекара маңы ынтымақтастығының орталығы ретінде және Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы аймақтық экономикалық ынтымақтастықтың басқа елдермен жасаған алғашқы ілкі жобасы болып табылады», - атап өтті ол.
«Қорғас» ШЫХО-ның құрылыс басталған 2007 жылдан бері қытай тарабы жалпы алғанда 880 млн. юань (140 млн. жуық доллар) қаржыны инвестициялады. «Қытайлық және қазақстандық тараптар жабық режимдегі шекара маңы саудасы орталығының ресми түрде іске қосылуына дайын», - деп атап өтті Лу Мин.