11:15, 11 Қараша 2011 | GMT +5
«Қорғас» ХШЫО желтоқсан айында іске қосылады
БЕЙЖІҢ. 11 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - Желтоқсан айында «Қорғас» Халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығы іске қосылады,
деп жазады жергілікті БАҚ. Қытай тарапы халықаралық шекарамаңы ынтымақтастық орталығын «Батысқа ашылған жол» деп бағалайды.
Суй және Таң әулеттері кезінде бұл орын Ұлы Жібек жолының солтүстік аумағындағы маңызды бекет болған. Қытай есебінше, қазір ол Батыс Қытайдағы мемлекеттік маңызы бар көп функционалды бақылау-өткізу пункті және Қытайды Қазақстан және Батыс Еуропаның басқа да елдерімен жалғастыратын көпір болып табылады.
Қытайдың статистикалық мәліметтеріне жүгінсек, 2010 жылы «Қорғас» бақылау-өткізу пункті арқылы 3 млн. тонна жүк тасымалданып, 550 000 турист өткен. Қазіргі таңда 3,3 млрд. АҚШ доллары болатын 12 жоба жүзеге асырылып жатыр.