12:12, 01 Маусым 2013 | GMT +5
«Қорғас» кеден бекетінің екі қызметкері аса қомақты пара беру үстінде ұсталды
ТАЛДЫҚОРҒАН. 1 маусым. ҚазАқпарат - Алматы облысында Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлеріне 3 500 000 теңге пара беру үстінде «Қорғас» кеден бекетінің бөлім бастығы мен бас маманы ұсталды.

Олар параны «Қорғас» кеден бекеті қызметкерлері және экономикалық контрабандамен айналысатын СЭҚ қатысушыларының әрекетсіздігі және оларды қорғаушылықты жүзеге асыру үшін берген.
Дәл сол күні ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 5-бөлімі 312-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, Талдықорған қалалық соты санкциямен аталған тұлғалар қамауға алынды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс тергеу сатысында.