«Қорғас» өткізу бекетінде 620 ақбөкен мүйізін Қытайға заңсыз әкетпек болғандар ұсталды
АСТАНА. KAZINFORM- Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің әскери қызметшілері 20 қазанда «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығында Қытайға 620 ақбөкен мүйізін заңсыз әкету әрекетінің жолын кесті.
ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, тәркіленген дериваттардың қара нарықтағы құны шамамен 180 млн теңге болуы мүмкін.
Осы фактіге қатысты материалдар процестік шешім қабылдау үшін құзыретті органға беріледі.
ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Осыған дейін киік мүйізі 4 тамыздан бастап жаңа ережелер бойынша сатылатынын туралы жаздық.