Қорғас-Жетіген теміржолы экономикаға тың серпін береді - Н. Назарбаев

АСТАНА. 9 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Бүгін елордадағы «Сарыарқа» велотрегінде өтіп жатқан Индустрияландыру күні шеңберінде онлайн режиміндегі телекөпір арқылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» АҚ-ның Жетіген-Қорғас теміржол желісінің алғашқы іске қосу кешені-жұмыс қозғалысын іске қосты.
None
None

«Теміржол құрылысы қашанда кез келген мемлекеттің маңызды құрылысы болып саналады. Ал біз қысқа мерзім ішінде Қазақстан бойынша 1 мың 300 шақырым теміржол салған едік. Ал мына жол Қытай шекарасынан Алматыға дейінгі 390 шақырымды құрайды. Яғни, бұндағы қозғалыс бүкіл жол бойында жанданады. Арнайы станса салынды. Даму мүмкіндіктеріне ие болып отырмыз. Көлік пен қозғалыс ағыны арта түседі. Бұл біздің экономикамызға үлкен серпін», - деді Елбасы.

Сонымен қатар, Елбасы бұл нысанның Қытай басшысы Ху Цзиньтаомен тікелей келіссөзінің жемісі екендігін атап өтті. «Мен орталықтың үлкен қалаға айналатынына сенемін. Баршаңызды осындай жеңіспен құттықтаймын», - деді Президент.

Соңғы жаңалықтар