Қорғасқа күн сайын қанша турист келеді

АСТАНА. KAZINFORM — «Қорғас» шекара маңындағы халықаралық ынтымақтастық орталығына күн сайын 4 мыңнан астам қазақстандық, 13 мыңнан астам қытайлық аяқ басады. Қорғас қазір жай ғана сауда аймағы емес, заманауи мәдени-ойын-сауық және сауықтыру кластеріне айналған. Мұнда іскерлік, шопинг және медициналық туризм белсенді дамып келеді.

Қорғас
Фото: Александр Павский/Kazinform

Орталық аумағында «Қытай мәдени орталығы» жұмыс істейді. Онда сауда, инвестициялар және екіжақты туризмді дамыту мәселелері жөнінде халықаралық кездесулер өтеді.
Ғимараттың бірінші қабатында Қытай тарихының ерте және ортағасырлық кезеңіне жататын сирек артефактілер орнатылған.

Туристер бұл қытайдың халық емшілерінен қалған әдістемемен жұмыс істейтін сауықтыру орталығына, 9D форматындағы заманауи кинотеатрға бара алады.

— Егер бұрын Қорғас тек саудамен байланысты болса, бүгінде медициналық туризм бағыты белсенді дамып келеді. Шетелдік қонақтардың қызығушылығы артып келеді, — дейді «Жетісу» туристік ақпарат орталығы басшысының орынбасары Мейрамбек Қапасов.

Орталықтың мәліметінше, жыл басынан бері Жетісу облысына 2 миллионнан астам турист келген, оның 76% -ы шетелдіктер.

Биыл «Алтынемел» ұлттық паркінің өзіне ғана 30 мыңға жуық қонақ келген. Оның арасында Қытайдан шыққан 5 мыңнан астам турист бар.

— «Қорғас» аумағында туризм қарқынды дамып келеді. Күн сайын Қазақстан жағынан 4 мыңға дейін келеді. Орталықтың Қытайға қарайтын жағында 4,5 мыңнан астам дүкен жұмыс істейтін сауда желісі бар, — деді «Қорғас» ХШЫО инвестициялар департаменті басшысының орынбасары Дамир Аманбаев.

Былтыр Жетісу облысы мен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы «Қорғас» трансшекаралық туристік аймағын құру туралы меморандумға қол қойды.

Бұған дейін Қорғастағы шекара сызығының өзгеруі селден қорғайтын нысанның құрылысын кешіктіргенін жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар