Қорғаушының алаң ортасынан тепкен добы өз қақпасынан бір-ақ шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Испандық «Эйбар» футбол клубының қорғаушысы Хосе Анхель немістің «Шальке» командасымен болған жолдастық кездесу барысында өз қақпасына гол соқты.
None
None

Кездесудің 67-інші минутында Анхель алаң ортасынан допты ала отырып, қақпашыға қарай бағыттаған.  Алайда, ол қақпадан бірнеше қадам алға шығып кеткен еді.

Қорғаушының автоголы матч барысында соғылған жалғыз доп болды. «Шальке» 1:0 есебімен жеңіске жетті. 

Соңғы жаңалықтар