Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты Қазақстан атынан кімдер барады

АСТАНА. KAZINFORM — Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында 20-24 тамыз аралығында көркем гимнастикадан әлем чемпионаты өтеді.

Көркем гимнастикадан әлем чемпионаты Қазақстан атынан кімдер барады
Фото: Қазақстан ҰОК

Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы бұл дүбірлі додада жекелей және топтық жаттығуларда өнер көрсетеді.

Жекелей сында Айбота Ертайқызы мен Айым Мейіржанова бақ сынайды.

Ал топтық жаттығуларда Аида Хакімжанова, Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Айзере Нұрмағамбетова және Мадина Мырзабай жүлде үшін сынға түседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын Ақмарал Ерекешева көркем гимнастикадан екінші мәрте жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионы атанды.

Ақмарал доппен және лентамен жаттығуда алтын медаль алса, шеңбермен жаттығуда күміс жүлдеге ие болды.

Соңғы жаңалықтар