Көркем гимнастикадан Азия чемпионатында тағы бір медаль қоржынға түсті

АСТАНА. KAZINFORM - Сингапурде өтіп жатқан көркем гимнастикадан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы тағы бір алтын медальға қол жеткізді.

Көркем гимнастикадан Азия чемпионаты
Фото: olympic.kz

Құрлықтық додада қазақстандық гимнастшылар топтық жаттығуда бірінші орын алды. Олар финалда құрсау мен доппен жатығуда үздік көрсеткішке қол жеткізді.

Төрешілер шешімімен қазақстандық гимнастшылар 26,65 балға қол жеткізді. Екінші орындағы Өзбекстан - 25,15. Оңтүстік Корея - 24,25 балл жинады.

Айта кетсек, қазірге дейін Айбота Ертайқызы лентамен өнер көрсету сайысында чемпион атанса, жекелей сындағы көпсайыс қорытындысында ол төрт жаттығу бойынша қола медаль алған еді.

Сондай-ақ көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы көпсайыстан тұңғыш рет алтын медаль алды.

Соңғы жаңалықтар