Көркем гимнастикадан Бішкектегі Азия чемпионатында Қазақстан намысын кімдер қорғайды
АСТАНА. KAZINFORM - 23–26 мамыр аралығында Қырғызстан астанасы Бішкек қаласында көркем гимнастикадан Азия чемпионаты өтеді, деп хабарлайды ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Спортты дамыту дирекциясы.
Құрлықтық додаға жекелей сын бойынша 17 елден 30-дан астам атлет, ал топтық жаттығуларда 10 елден 10 команда қатысып, өзара мықтыны анықтайды.
Аталған жарыста Ұлттық құрама да толық құраммен бақ сынайды.
Жекелей бағдарлама:
Ақмарал Ерекешева
Айбота Ертайқызы
Ал топтық жаттығуларда Қазақстан командасы келесі спортшылардан жасақталған:
Жасмин Жүнісбаева
Аида Хакимжанова
Мадина Мырзабай
Айзере Нұрмағамбетова
Айзере Кеңес
Кристина Чепульская
Бас бапкер - Лола Әділбекова
Айта кетейік, бұл дода - Азияның үздік көркем гимнастары бас қосатын маңызды бәсеке. Сондай-ақ, ол күзде Жапонияда өтетін жазғы Азия ойындарына дайындықтың кезеңі саналады.
Осыған дейін спорттық гимнастикадан Challenge Cup кезеңіне Қазақстан құрамасынан кімдер қатысатынын жаздық.