Көркем жүзуден әлем кубогында Қазақстан құрамасы үздік үштікке енді
АСТАНА. KAZINFORM - Қытайдың Сиань қаласында өтіп жатқан көркем жүзуден әлем кубогында төрт кезеңнің қорытындысы шықты.

Топтық жаттығудағы бәсекеде отандастарымыз қола жүлдеге қол жеткізді. Ұлттық құрама сапында Наргиза Болатова, Виктор Друзин, Айгерім Құрманғалиева, Ксения Макарова, Арина Мясникова, Анна Павлецова, Жаклин Якимова, Жания Жиенғазы, Ясмин Тұяқова, Валерия Столбунова өнер көрсетті.
Айта кетсек, бұдан бұрын көркем жүзуден әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша қазақстандық спортшылар әлемдік рейтингте 2-орынды иеленді.
Әлем кубогының төрт кезеңінің қорытындысымен Қазақстан әйелдер құрамасы (Ясмин Тұяқова, Арина Пушкина, Даяна Жаманчалова) әлемдік рейтингте екінші орынға табан тіреді.
Аталған жарысқа еліміздің атынан 14 спортшы аттанды. Дүбірлі додада 16 елден 125 адам жүлделерді сарапқа салып жатыр.