07:14, 16 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Қорқыт ата кешенінің адамдардың қастер тұтар қасиетті орны, туристердің ат басын тірер жәдігер жері болары сөзсіз
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Қорқыт Ата кешенін жаңғырту жұмыстарын жүргізуге қатысқан құрылысшылармен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Бүкіл түркі әлемінің абызы атанған Қорқыт ата мемориалдық кешені аз ғана уақыт ішінде қайта жаңғыртылып, бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталды. Осы берекелі іске бел шеше араласып, істің басы-қасында болған азаматтарға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев алғыс білдірді.
- Аталмыш бірегей кешеннің адамдардың қастер тұтар қасиетті орны, көненің көзін кие тұтар туристердің ат басын тірер жәдігер жері болары сөзсіз, - деген аймақ басшысы Қорқыт Ата мемориалдық кешені құрылысын жүргізу барысында ерекше еңбек еткен үздіктерді Қызылорда облысының Құрмет Грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.