Көрнекті қаламгер Қайым-Мұнар Табеев дүниеден озды

АСТАНА. KAZINFORM — Көсемсөз шебері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Қайым-Мұнар Табеев қайтыс болды.

Қайым-Мұнар Табеев
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

Бұл туралы ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі хабарлады.

— Министрлік көрнекті қаламгер, көсемсөз шебері, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Құрметті журналисі Қайым-Мұнар Табеевтің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтады. Қайым-Мұнар Тұрдақынұлы қазақ әдебиеті мен журналистикасының дамуына елеулі үлес қосып, ел руханияты жолында қалтқысыз қызмет етті. Оның қаламынан туған мақалалары, Желтоқсан оқиғасы туралы зерттеулері, сондай-ақ ұлттық әдебиетіміздің қазынасын байытқан шығармалары ел жадында мәңгі сақталады деп сенеміз. Ұлтына адал қызмет еткен абзал азаматтың жаны жәннатта, иманы саламат болғай, — делінген хабарламада.

Осыдан бұрын Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ағымсалы Дүзелханов дүниеден өткенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар