Король Чарльз III мен Уэльс ханшайымы Кейт ауруханадан шығарылды

АСТАНА. KAZINFORM - Король Чарльз III қуықасты безінің ұлғаюына байланысты жасалған отадан кейін Лондон ауруханасынан шықты, деп хабарлайды ВВС.

чарльз
Фото: BBC

Процедурадан кейін Чарльз Лондондағы жекеменшік клиникада үш түн өткізіп, одан дүйсенбі күні түстен кейін зайыбы патшайым Камилламен кетті.

Букингем сарайы жасаған мәлімдемеде король «қалпына келтіруге уақыт беру үшін» өзінің көпшілік алдында шығуын кейінге қалдыратыны айтылды.

Бұл емханадан бірнеше сағат бұрын Уэльс ханшайымы Кейт те шығарылды - екі апта бұрын оған осы жерде іш қуысына ота жасалды.

Кенсингтон сарайының мәліметінше, Кейт Виндзорға барған.

Ханшайымның айналасындағылар ота туралы егжей-тегжейлі мәлімет бермейді, олар тек Кейттің сауығып келе жатқанын айтады.

Отаның қатерлі ісікке қатысы жоқ және ол шұғыл емес, жоспарлы болған. Ханшайым үйде тағы бір-екі ай болып, өз міндеттеріне Пасхадан кейін оралады.

Соңғы жаңалықтар