Коронавирус: Атырау облысында 1032 науқас емделіп жатыр

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 1032 науқас емделіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, өткен тәулікте 60 адам қауіпті індетке шалдыққан. Науқастарда коронавирус ПТР-тест

арқылы расталып отыр.

«Оның ішніде Теңіз кенішінің 37 жұмысшысы бар. Ал Атырау қаласынан 18 науқас тіркелді. Сондай-ақ, Жылыой ауданында 2, Мақатта – 1, Қызылқоғада – 1, Құрманғазы

ауданында 1 адам Сovid-19 жұқтырды. Қауіпті індет 19 науқаста симптомды түрде өтуде» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.

Өткен тәулікте коронавирустан 32 науқастың сауығып шыққаны белгілі болып отыр.

Ал, үй жағдайында 275 адам емделіп жатыр. Сондай-ақ, облыстық инфекциялық стационарға 106, аудандардағы стационарларға 32 науқас жатқызылған. Соңғы тәулікте

Теңіз кенішінде стацинорға жатқан пациенттер 619 адамға жеткен.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Теңіз кенішінде 86 жұмысшыдан қауіпті вирус анықталған

болатын.



Соңғы жаңалықтар