08:48, 28 Тамыз 2020 | GMT +5
Коронавирус белгілері бар пневмониядан 7 адам қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сoronavirus2020.kz сайты 28 тамызда тіркелгенкоронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпаратты жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 531 жағдайы және 7 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 43 адам емделіп шықты.
1 тамыздан бері барлығы: ауырғандар - 24 632, 278 өлім жағдайы тіркелді, ал жазылып шыққандардың саны 5 299 жетті.