Коронавирус: Екі облыс «қызыл» аймақта

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 7 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

7 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның екі облысы «қызыл» аймақта тұр. Олар: Ақмола, Павлодар облыстары. «Сары» аймақта Нұр-Сұлтан қаласымен қатар Шығыс Қазақстан, Қостанай, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстанмен облыстары бар.

Қалған өңірлер мен қалалар – «жасыл» аймақта.

Матрица Қазақстанның «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін көрсетті.

Еске салсақ, ҚР Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Ерлан Қиясовтың карантин шараларын жеңілдету туралы жаңа қаулысы жарияланған болатын.

Қаулы ережелеріне сәйкес, «жасыл» аймақтағы өңірлерде мешіттерге жұрттың жиналуына, сонымен қатар мектеп асханаларының жұмысына рұқсат берілді.



Соңғы жаңалықтар